«Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ Акционерлерге
2020 жылғы 27 наурыздағы акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысын өткізу туралы
Хабарлама
«Алма Телекоммуникейшнс Казахстан» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) (Қоғамның атқару органының орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Әйтиев көшесі, 23-үй) «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ Директорлар Кеңесінің 2020 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес (№4 хаттама) Акционерлердің кезектен тыс Жалпы отырысын (бұдан әрі – Жалпы отырыс) өткізу туралы хабарлайды.
Жалпы отырысты өткізуге бастамашылық танытушы «Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК)» ЖШС - Қоғамның ірі акционер болып табылады.
Қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы отырысы 13.05.2013 ж. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-52 бабтарымен сәйкес жүргізіледі.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны - 2020 жылғы 27 наурызда жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтиев көшесі, 23-үй, Red Meeting Room.
Отырысқа қатысышуларды тіркеуді бастау уақыты: отырыс басталғанға дейін 30 (отыз) минут бұрын.
Егер белгіленген отырыс болмай қалған жағдайда, Акционерлердің қайтадан болатын кезектен тыс жалпы отырысының өткізілетін күні, уақыты: 2020 жылғы 28 наурызда жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 00 минут.
Акционерлердің жалпы отырысына қатысуға құқықтары бар акционерлердің тізімін құрастыратын күн: 2020 жылғы 17 наурыз (00 сағат 00 минут). Қосымша, Қоғам акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысы өткізілетін күніндегі жағдай бойынша акционерлердің тізімдерін тексеруге құқылы.
Қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы отырысының күн тәртібі: «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы және оның өкілеттік мерзімін белгілеу туралы».
Жалпы отырысты өткізу тәртібі:
- Жалпы отырыста дауыс беруге қатысу үшін Жалпы отырысқа қатысуға құқылы тұлға осы хабарламада көрсетілген күндері және сағатта ресми тіркеуден өтуі тиіс;
- Жалпы отырыс ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі оның Жалпы отырысқа қатысуға және онда дауыс беруге өкілеттіктерін растайтын, белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты беруі керек. Қазақстан Республикасының заңнамаларына және шартқа сәйкес акционер атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін танытуға құқысы бар тұлға үшін Жалпы отырысқа қатысуға және дауыс беруге сенімхат талап етілмейді. Тіркеуден өтпеген Акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтағанда ескерілмейді және жауыс беруге қатысуға құқысы жоқ;
- Жалпы отырысты шақырылған тұлғалар да қатыса алады, бұл ретте осындай тұлғалар Жалпы отырыста отырыс төрағасының рұқсатымен ғана сөйлеуге құқылы;
- Жалпы отырыс кворум болған жағдайда жарияланған уақытта ашылады;
- Жалпы отырыста төрағанаы (президиум) сайланады және дауыс беру үлгісін анықтайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Төрағаны (президиумды) сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру «1 (бір) акция – 1 (бір) дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады, ал шешім қатысып отырған және дауыс беруге қатысуға құқылы Қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санынан дауыс берген қарапайым басым бөлігі арқылы қабылданады;
- Жалпы отырыстың хатшысы Қоғамның корпоративтік хатшысы болып табылады;
- Жалпы отырыс өз жұмысындағы үзіліс және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, сонымен қатар Жалпы отырыстың күн тәртібіндегі жекелеген мәселелерді келесі күнге қарауға ауыстыру туралы шешімдер қабылдауға құқылы;
- Жалпы отырыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болғаннан кейін және олар бойынша шешім қабылданғаннан кейін жабық деп жарияланатын болады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер Жалпы отырыс өткізілетін күннен он күн бұрын жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минут аралығында Қоғамның атқару органының орналасқан мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Әйтиев көшесі, 23-үй, 47-кабинет, сонымен қатар Қоғамның корпоративті веб-сайты арқылы таныса алады: www.almatv.kz.
Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай дауыс беру қарастырылмаған.
«Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ акционерлерін жалпы жиналыстың жұмысына қатысуға шақырамыз.