Қостанай қ. ММДС технологиясы бойынша эфирлік-кабельді телевидение қызметтері абоненттерінің назарына!
26 Октября 2020
2020 жылғы 26 қазан күні Қостанай қаласында апаттық жағдай орын алып, соның салдарынан ММДС/МКС технологиясы бойынша эфирлік-кабельді телевидение қызметтері тоқтатылды.
Техникалық қызметтер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, аталған жұмыстарды 2020 жылғы 30 қазанда аяқтау жоспарланып отыр.
Жұмыстарды орындау мерзіміне қалада ауа-райының қолайсыздығы әсер етіп отыр.
Осы санаттағы абоненттерге өтемақы төлеу қарастырылатын болады.
Компания алдағы уақытта осы сияқты жағдайларды азайту үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.