 
				
					
						
Қымбатты абоненттер!
						31 Декабря 2021
					
				 
			 
			
				Санаулы уақытта аяқталатын 2021 жылды біздің телеарналар мен онлайн-кинотеатрлармен өткізгендеріңіз, интернет қызметтерін пайдаланғандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз.
 ⠀
 27 жылдық тарихымызда телевидение мен интернеттің даму кезеңін бірге бастан өткердік.
 ⠀
 Alma TV еліміздің ең бір шалғай жерлеріне жету үшін, әрбір тұрғын үшін кез келген құрылғыда қолжетімді болу үшін жыл өткен сайын біз деректер берудің жаңа технологияларын енгізіп келеміз.
 ⠀
 Алда бізді жаңа 2022 жыл күтіп тұр, алға жаңа міндеттер қойып отырмыз және сіздер үшін бар жақсыны жасауға тырысатын боламыз!
 ⠀
 Келер жылы сіздергебейбітшілік, тұрақтылық, келісім, табыс пен позитивті энергия тілейміз!
 ⠀
 Біздің телевизиялық топтамалардың телебағдарламалары мен фильмдері сіздерді жаңа армандар мен белестерге, естен кетпес саяхаттарға шабыттандырсын!
 ⠀
 Спутниктік тарелкаларымыз бен цифрлық приставкаларымыз қызықты контент таратып, ал біздің Интернет-ТВ үйлеріңізге бақыт пен қуаныштың цифрлық ағынын әкелсін!
 ⠀
Сіздердің Alma TV