 
				
					
						
Құрметті абоненттер!
						22 Октября 2022
					
				 
			 
			
				Сіздерге  құқық иесінің шешіміне байланысты 01.11.2022ж. бастап Компаниямыздың "ИВИ" онлайн-кинотеатрына жаңа абоненттерді қосуды тоқтататыны туралы хабарлаймыз. Осы уақыттағы абоненттер "ИВИ" онлайн-кинотеатрын 31.12.2022ж. дейін көре алады.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін AlmaTV платформасында төмендегідей топтық контентке ие "АMEDIATEKA", "MEGOGO", "QAZAQSHA" онлайн-кинотеатрлар қолжетімді болады:
- АMEDIATEKA Home of HBO сыйлықақылы сервисі: 
үздік хикаялар, деректі және көркем фильмдердің тұсаукесерлері, әлемге танымал жұлдыздардың концерттері.
- MEGOGO – кино, мультфильмдер, шоу мен хикаялардың ауқымды каталогы. Тұтастай отбасына арналған кинотеатр.
- QAZAQSHA – танымал шетелдік контенттің (фильмдер, хикаялар, бағдарламалар) қазақ тіліндегі алғашқы қазақстандық online кинотеатры
Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз, көңілді тамашалаңыздар!